Версия для печатиВерсия для печати
Вопрос №176
3 июля 2012 г.
Жанибек Жуманов | Южно-Казахстанская область, Махтаральский р-н, п.Атакент

- Мен Н.Джолдасова, Арызым қаралған барысында, төмендегілер анықталды: Н.Джолдасова 2011 жылғы 4 мамырда Мақтаарал ауданының әкімі С.Тұрбековке аудан аумағындағы Атакент-Ташкент тас жолының бойынан халыққа қызмет көрсету үшін асхана, автотұрақ және сауда үйлерін ашу үшін 700 шаршы метр жер телімін алу үшін өтініш білдірген. Мақтаарал аудан әкімінің 2011 жылғы 16 мамырдағы №1276 санды қаулысында ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2,6-тармақтарына және аудандық жер бөлу комиссиясының 2011 жылғы 11 мамырдағы №17 қорытындысына сәйкес, Джолдасова Н.Е. сұралып отырған жер учаскесіне аудандық сәулет бөлімі тарапынан жер учаскесінің сызбасы дайындалып, жер бөлу комиссиясына қарау үшін жолданған ұсынысының болмауына байланысты жер учаскесін пайдалану құқығын табыстаудан бас тартылсын деп қаулы шыққаны анықталды.

Сонымен қатар, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық Департаментінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №1918-47/842 хатында Мақтаарал ауданынан А-15 «Жызақ-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолдарының өтетіндігі, яғни «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 7 бабы, 4-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жататыны, жеке меншікке берілмейтіні туралы көрсетілген.

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық Департаментінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №1918-47/842 хатында Мақтаарал ауданынан А-15
«Жызақ-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолдарының өтетіндігі, яғни «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 7 бабы, 4-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жататыны, жеке меншікке берілмейтіні туралы заңына сәйкес . Н.Джолдасованың арызына бас тартылды.

 
Ал бізге сол жер учаскісі бас тартылды, арсында біраз уақыт өтеді де, басқа кісілер мына ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық  Департаментінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №1918-47/842 хатында Мақтаарал ауданынан А-15 «Жызақ-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолдарының өтетіндігі, яғни «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 7 бабы, 4-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жататыны, жеке меншікке берілмейтіні туралы заңын
бұзып, сол жер учаскісіне басқа кісілер  еге болып құжатсыз сауда орталығын салып және контейнер қойылып заңсыз комерциялық іс әрекет жасап отыр. Бұл әдлеттіке жатама?

Айтар кетерім, бугінге дейін осы хатым орындалмай отыр, ал бірақ қағаз жүзінде орындалы деп алдап, қайтадан заң бұзышылық болып отыр.

Ал осы; ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық Департаментінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №1918-47/842 хатында Мақтаарал ауданынан А-15 «Жызақ-Жетісай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолдарының өтетіндігі, яғни «Автомобиль жолдары туралы» Заңның 7 бабы, 4-тармағына сәйкес, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жататыны, жеке меншікке берілмейтіні туралы заңын, бұзып сол жердегі Таможня постының айналасында орналасқан заңсыз сауда орталықтарын еге болып отырған адамдарға шара қолданбай отыр.

Сол себептен сізден өтінеріміз; Сол таможняның түсында айналасқан сауда орталықтары заңды ма немесе заңсыз ба, екендігін және осы арызда көрсетілген заңдарды неге сақтамайды? Ал заңды бұзуға кім жол бергенін анықтап және тексеріп, егелеріне және осыған қатысты мемлекетік қызметкерлеріне коррупцияға қарсы заңына сәйкес шара қолдануыңызды өтінеміз.

Ответ на вопрос №176
25 февраля 2013 г.

Жер заңнамасына сәйкес жер учаскені жеке меншікке немесе пайдалануға беру туралы шешімі жергілікті атқарушы орган қабылдайды.

Сондай-ақ жер және автомобиль жолдары туралы заңнамаға сәйкес жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмейді. Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып, кез келген салынған құрылыстар заңсыз деп танылады және заңнамамен белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен тұрғызған тұлға бұзады немесе сол тұлғаның қаржысы есебінен бұзылуға тиіс.

Жоғарыда аталған нормаларын бұзу фактілерін жою мақсатында ҚР ККМ Автомобиль жолдары комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті заңсыз салынған қызмет көрсету объектілерін анықтайтын комиссия құру туралы, сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына осы объектілер бойынша шара қабылдау жөнінде әкімдікке хат жолдады. 

Заңсыз салынған қызмет көрсету объектілері анықталған жағдайда, Департамент заңсыз салынған құрылыстың иесін сол құрылысын өз еркімен өз қаржысы есебінен бұзуға міндеттеу мақсатында сот органдарына шағым түсіретін болады.

Бұдан басқа Оңтүстік Қазақстан облыстық департаментінің мәліметі бойынша, Сізден бүгінгі күнге дейін осы мәселе бойынша хат түскен жоқ.

 

 

 

«Важное значение имеет завершение строительства казахстанского участка международного автомобильного коридора «Западная Европа - Западный Китай». Это действительно народная стройка века».
«Мы ставили задачу развивать инфраструктуру. И это оказалось нам по силам. В настоящее время мы возрождаем Новый Шелковый путь. Мы открыли доступ к странам Персидского залива и Большого Востока. Мы распахнули восточные ворота, проложив путь на рынки Китая и всего Азиатского континента». «Стратегия «Казахстан-2050».
 
 
Послание Первого Президента РК - Елбасы, 2012 г.

 

 

 

 

«Исполнительной власти нужна полная, качественная программа «Нурлы Жол». Это стратегический проект, благодаря которой будет затронута вся транспортная инфраструктура».

 

 

 

 

Стратегия 2050

 

 

 

 

Проекты "ЗЕ-ЗК"
Проекты "Нурлы жол"
Закупки
Объявления
Пресс-центр
Мультимедиа
Вопросы и ответы Контакты